14.03.2024
13 наурыз 7-9 сынып аралығында «Сыныптар аламаны» атты сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту. Ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау. Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды.
• Миды ойландыр;
• Зерде;
• Ойлан тап;
• Кім жүйрік.
Екі топ оқушылары өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. Жасырылған сөздерді сөйлетті, Ы Алтынсарин шығармалары бойынша көрініс көрсетті. Тағамдардың дәмін тату арқылы, сол тағамның атауын үш тілде айтты. Әр сайыстың өз мықтысы болады. «Бәйге» тобы 42 ұпаймен жеңіске жетті.
Қазақ тілі пән мұғалімі Кантарбаева Ж.С