Текст
"Шойындыкөл орта мектебі" КММ-де мектеп Президентін сайлау өтті. Бұл маңызды лауазымға 3 адам үміткер болды.
Президенттікке үміткерлер тіркелді:
Баймағамбетова Ясмин-9 сынып ;
Голян Карина - 7 сынып;
Исмаилов Аслан - 9 сынып.
Балалардың әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламасын дайындап, мектеп оқушыларының алдында сөз сөйледі. Үміткерлер оқушылар мен оқытушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.
Сайлауға дайындық өте маңызды болды. Әр оқушы өз таңдауын жасады. Нәтижесінде, көпшілік дауыспен мектеп Республикасының Президенті болып 9 сынып оқушысы Баймағамбетова Ясмин таңдалды.