Текст
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Көрнекілік: тапсырмалар жазылған карточкалар, презентация, компьютер, видеопроектор, баға қоятын парақша.
Ойын шарты: әр сынып өздеріне топқа екі оқушы тағайындайды, сайысқа 5 адамнан құралған екі команда қатысты.
«Хакер» және «Компьютер майталманы» топтар арасында 5 сайыс кезеңі болды. Сайыс кезінде топ мүшелері белсенді қатысып, өздерінің информатика пәніне деген қызығушылығын көрсетті. «Компьютер майталманы» атты топ 60-47 ұпайымен жеңіске жетті. Сайыс соңында әділқазы алқасы жеңген топты марапаттады.