Текст
Математика апталығы аясында 4-сыныпта "Көңілді математика" интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтауды, шығармашылық қиялды, байқауды, пайымдау дәйектілігін және оның дәлелін дамыту. Оқушылар екі командаға бөлінді: "Фиксики" қыздар командасы және "Знайки"ұлдар командасы. Екі команданың қатысушылары "Стрелалкино", "Рассужалкино", "Болжалкино", "Ребускина" және "Рыбалкино"станцияларында кездескен қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, белсенділік танытты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша "Знайки" командасы жеңіске жетті. Бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Д. К.