Текст
Ойынның мақсаты:
· өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін кеңейту;
· балаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қатысушылар екі командаға бөлінді. Бірінші команда "Өрт сөндіргіш", ал екінші команда «Өрт сөндірушілер". Ойын 6 турдан тұрды, 1-кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең «Өрт сөндіру қалқаны" деп аталды. Бұл кезеңде балалар өрт сөндіру қалқанында тұратын заттардың суреттерін салды. Осылай қатысушылар әр турдан оңай өтіп отырды. Ойын қызықты да, көңілді өтті. Балалар өздерінің өрт қауіпсіздігіне байланысты білімдерін жетік білетіндерін көрсетті. Ойын жеңімпаздары «Өрт сөндірушілер» болды.