Сайыс мақсаты:
1. Қыздарымызды ата-анасының, ұстаздарының еңбегін бағалап, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылықтың ибәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
2. Қыздарымыздыңиибойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, өзін көпшілік
алдында ұстай білу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдетіп өз өмірлерінде пайдалана білуге, өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге, ұлтымыздың салт-дәстүрі арқылы мейрімділікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал көктем гүлдерімен, түрлі-түсті шарлармен безендірілді.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. «Сәлем – сөздің анасы» – /таныстыру/
2. «Ас – адамның арқауы» – /аспаздық шеберлігін көрсету/
3. «Сұлулық сыры» – /шаш сәні мен киім үлгісі/
4. «Салтымыз- асыл мұра» /салт –дәстүр көрсету/
5. «Болсашы қарындастың бәрі осындай» – /өнер сайысы/
Жиналған қонақтар қыздардың өнерлерін тамашалады, сайыс соңында әділқазылар алқасы сайыс қортындысын жасап, аруларды марапаттады.
«Көктем Аруы»- Якимчук Виктория
«Білімді Ару» - Якимчук Галина
«Өнерлі Ару» - Төленова Камила
«Шырайлы Ару» - Уалиева Әсел
«Сәнғой Ару» - Жәмеш Меруерт
«Көрермендер көз айымы Ару» - Кенжегалиева Дариға
«Инабатты Ару» - Ботанова Алима
Қазақ тілі мұғалімі Кантарбаева Ж.С.