"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Шойындыкөл ауылының негізгі орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Шойындыколь отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2017

Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?

Түрі: танымдық ойын

Мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

  ІІ. Негізгі кезең.

1-жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3-ші сыныптар арасындағы

«Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.

 

1-жүргізуші: Сайыс кезеңдері.

Жүрісі:

1. Таныстыру.

2. Дода.

3. Сөз мәйегі-мақал.

4. Кім жылдам?

5. Әріптер сайысы.

6. Сен білесің бе?

7. Кім тапқыр?

8. «Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы.

 

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін.

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

 

2-жүргізуші:

І кезең. Таныстыру.

ІІ кезең. «Дода»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.

 

І топқа:

1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

2. ҚР Мемлекеттік тілі?

3. Қыста не жауады?

4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?

5. Күздің бірінші айы?

6. Тұрлаулы мүшеге не жатады?

7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?

8. Бір тәулікте неше сағат бар?

9. Наурызда пісірілетін басты тағам?

10. Қазақстан туының түсі қандай?

 

ІІ топқа:

1. Абай Құнанбайұлы кім?

2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

3. Қыс айларын ата:

4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

5. Тұрлаусыз мүшелерді ата?

6. Тышқаннан қорқатын аң?

7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?

8. Бір жылда неше күн бар?

9. Жүз жасаған ақын?

10. Сөйлем неден құралады?

 

ІІІ кезең. «Сөз мәйегі-мақал»

Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

 

ІҮ кезең. «Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.

1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген)

2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.

(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)

 

Ү кезең. «Әріптер сайысы»

Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол

әріптен басталатын сөздермен жауап береді.

 

І топқа:(а, е, т, о, с)

1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?

2. Досың кім?

3. Әдемі адамның арманы не?

4. Бүгін қандай күн?

5. Сенің көзің қандай?

6. Жігіттер сырға таға ма?

7. Бала оқытатын адам?

8. Бос уақытыңда не істейсің?

9. Қандай тағамдар ұнайды?

10. Жасың нешеде?

 

ІІ топқа: (ә, б, м, н, қ)

1. Мақал білесің бе?

2. Есімің кім?

3. Аспанда не бар?

4. Мектеп мұғалімдері қандай?

5. Қар қай кезде жауады?

6. Алма тәтті ме?

7. Кім болғың келеді?

8. Адамдар неден қорқады?

9. Сыныбыңда неше оқушы бар?

10. Қандай қаланы білесің?

 

ҮІ кезең. «Сен білесің бе?»

Тақтада алты ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.

3---6---2

4---1---5

1) Қазақтың үш биін ата:

2) Наурыз көже қалай жасалады?

3) Тұсаукесер нені білдіреді?

4) «Қыз қуу» ойыны туралы не айта аласың?

5) «Арқан тартыс» ойынын қалай түсінесің?

6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата:

 

ҮІІ кезең. «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді іс-қимылмен, ыммен түсіндіреді.

 

ҮІІІ кезең. «Өнерпаз болсаң...»

Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.

1-жүргізуші:

Сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

 

ІІІ. Қорытындылау.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!

Сайысты өткізген мұғалім: Түсіпова Э.Б

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст