Сынып сағатының мақсаты оқушыларға ауылдарының қалай пайда болғаны, ауылды мекендеген ең бірінші ел туралы түсінік беру. 5 сынып оқушылары қожым руының
тумалары болғандықтан, мен балаларға ең бірінші мынадай сұрақ қойдым «Сендердің руларың кім?». Осы сұрақтан кейін мен балаларға осы жерді мекендеген ең бірінші халық, қожым руының адамдары деп түсіндірдім. Яғни, олар сендердің ата-бабаларың деген осындай мәлімет айтып кеттім. Солай ауылымыздың тарихымен, карта арқылы қай баланың ата-бабасы қай көлді мекендеген екенін көрсетіп, тарихи құжатпен таныстырдым. Тың заманында ауылымыз өркендеген кезімен де таныс болды. Сонымен бірге қазіргі заманда ауылымызда сол кісілердің ұрпақтары ата-бабаларынан қалған мұрасын жалғастыруда, деген мәлімдемені суреттер арқылы көрсетіп айттым.
Балаларға сынып сағаты өте ұнады, өйткені олар өз ата-бабалары туралы көп мәлімет алды.