Күні:
Сабақ: 71
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Тұсау кесу
Оқу мақсаты: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, сұрақтар құрастыру.
Мәтін бойынша тұсау кесу дәстүрімен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: Жалпы мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылым стратегияларын қолданып, нақты ақпаратты анықтайды. Берілген грамматикалық тапсырмаларды
орындай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;
Бағалау критерийлері:
Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады;
Оқылым стратегиясын қолданады;
Жазба жұмысында орфографиялық ережелерді сақтайды;
Грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
Мәтінді аударып, нақты ақпаратты табады;
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Маңызды ақпараттарды жазады.Сөз тіркестерін
қолдана отырып сұрақтар жазады.Сөйлемдерді топтастыру арқылы өз ойын жеткізе алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тұсау кесу,сәби,жүре бастайды,көрші,туыстар,жыр,Қаз тұру, жарқын болсын,ала жіп,ісі алға,ұстау,тартсын,аттамасын,кәде,кесу,есу
Талқылауға арналған сұрақтар:
“Тұсау кесу” салты қай кезде жасалады?
”Тұсау кесу” салтының қандай ырымдары бар?
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
А.Мазмұнын аша алады.
В. тұсау кесер жырын айыра біледі. Сұраққа жауап бере алады.
С. тұсау кесу рәсімдерінен алған әсерлерін әңгімелеп бере алады. Өз ойларын еркін, толық айтады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау, исерт, топтастыру статегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, суреттер, «Тұсау кесу» бейнеролик, слайдтар, постер, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психалогиалық ахуал
1. Оқушылар шеңбер құрып, бір –біріне жақсы көңіл күй, сәттілік тілейді.
2. Бүгін сабақты бастамас бұрын, көңіл күйіміз көтеріңкі болсын деп мынау смайликтерді таңдап алайық.
6 смайлик болады, оқушылар таңдап алады. Сол бойынша оқушыларды екі топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі қандай?
А. орыс тілі
Ә. Ағылшын тілі
Б. Қазақ тілі
2. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?
А. 1991 жылы 1 желтоқсанда
Ә. 1996 жылы 24 қаңтарда
Б. 2006 жылы 7 қаңтарда
3. Алтын түс ненің белгісі?
А. бірлік пен адалдықтың
Ә. Достықтың
Б. Байлық пен берекенің
4. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет.
А. есік ашық
Ә. Олардың бөлмесі
Б. Сіз жанкүйерсіз
5. Кімнің? Ненің? Қай септіктің сұрағы?
А. барыс септік
Ә. Табыс септік
б. Ілік септік
6.Сөздерге қандай жалғау жалғанған? «кітабыңыз»
А. көптік жалғау
Ә.Тәуелдік жалғау
Б. Жіктік жалғау
7. Қатаң дауыссыздарды тап
а) д, ж, з
Ә) қ, т, с
б) ң, л, р
8. Жіңішке дыбыстарды тап.
а) а, о, ө, ы
Ә ә, ө, і, ү, е
б) ұ, е, а, ө, і
9. 1920-1925 жылдарда Қазақстанның астанасы болған қала.
А. Орынбор
Ә. Қызылорда
Б. Алматы
10. Қазақстанның туының ортасында қандай құс бейнеленеген?
А. қаршыға
Ә.Қыран
Б. Аққу
Ой қозғау
«Тұсау кесу»бейнеролик көрсету. Сұрақ – жауап
1. Қандай салт-дәстүрді көрдіңдер?
2. Қандай ырымдары бар?
3. Тұсау кесу қандай нәрселер керек?
4. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы не?
III. Жаңа сабақ.
1.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
2. Сөздік жұмысы.
Сөздер тақтада жазылады, балаларға оқытып, инсерт әдісін қолданамын. Оқушыларға
сөздер берілген парақшалар таратылады.
|
Таныс ақпарат |
Мен үшін жаңалық |
Білгім келеді |
|
тұсау кесу |
|
|
|
|
сәби |
|
|
|
|
жүре бастайды |
|
|
|
|
көрші |
|
|
|
|
туыстар |
|
|
|
|
жыр |
|
|
|
|
Қаз тұру |
|
|
|
|
жарқын болсын |
|
|
|
|
ала жіп |
|
|
|
|
ісі алға |
|
|
|
|
ұстау |
|
|
|
|
тартсын |
|
|
|
|
аттамасын |
|
|
|
|
кәде |
|
|
|
|
кесу |
|
|
|
|
есу |
|
|
|
|
тұсау кесу |
праздник в честь разрезания пут |
сәби |
младенец |
жүре бастайды |
начинает ходить |
көрші |
соседи |
туыстар |
родственики |
жыр |
песня |
Қаз тұру |
стоять на ногах |
жарқын болсын |
пусть будет светлым |
ала жіп |
пёстрая нить |
ісі алға |
первый в делах |
ұстау |
держать |
тартсын |
будет похожим |
аттамасын |
не перешагивает |
кәде |
подарок |
кесу |
резать |
есу |
вить |
INSERT стратегиясы. Әр оқушы берілген сөздікті оқиды, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.
Айтылым. Оқылым.
2. Лексикалық тақырып: Екі топқа мәтін беріледі.
1-топ
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін
деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын
деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
2-топ
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін
деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады.
Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Тойдан әжелер немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
|
балл |
Әлмири Толғанай Костя
|
Найля Әліби Вахит |
Мәтіннің мазмұны дұрыс, сауатты аударылған |
4-6 | ||
Мәтіннің мазмұны дұрыс, бірақ дұрыс құрастырылмаған |
1-3 |
«Сен маған, мен саған» екі топ бір біріне сұрақтар қояды.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Жұптық жұмыс
1. Тұсау кесу
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
Постер жасау. Ассоциация құру.
Тұсау кесу
|
Түрлі түсті қарындаштарды қолдануы |
Суреттердің салынуы |
Мәтін бойынша заттар мен ырымдар |
1-2 болса |
3 |
|
|
3 жоғары түс қолданса |
5 |
|
|
Сурет парақтың ортасында болса |
|
4 |
|
Сурет парақтың шетінде болса |
|
3 |
|
Ырымдардың санына байланысты |
|
|
|
Грамматикалық тапсырма
Тақтаға үш оқушы шығып, тапсырма орындайды.
1- оқушы сәби сөзін септейді
2-оқушы сәби сөзін жіктейді
3-оқушы сәби сөзін тәуелдейді
Сабақта бекіту: «Тұсау кесу» сахналық көрініс.
VI. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.
Бағалау. Бағалау парағын қорытып, оқушыларға баға қою
VII. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастыру.